Қызылордада ер адам қыз сезіміммен ойнады деп полиция шақырған
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Қызылордада ер адам бейтаныс қыз сезіміммен ойнады деп полицияға арызданған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қыз баланың түсініктемесіне сәйкес, 30 қыркүйекте үйден қоқыс тастауға шыққан кезде көлікпен жүрген құрбысымен кездесіп қалып, екеуі есіктің алдында отырған.
Артынша бір күн бұрын танысқан жігіт келіп, қызғанып, сезімін білдіріп, артынша полиция шақырған.
Полицейлер тұрғынның шақыруы бойынша оқиға орнына келіп, тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауына, сондай-ақ тараптардың өтініш беруден бас тартуына байланысты материал қараусыз қалдырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина