- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада ер адам...
Қызылордада ер адам көпірден секіріп қаза болды
Қызылордада ер адам көпірден секіріп кетті. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, оқиға 17 желтоқсанда сағат 00:00 шамасында болған. Қызылордада 102 арнасына сол жағалаудағы көпірден азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түскен.
Бұл хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында ер адам қайтыс болғаны анықталды.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина