- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қатігездік
Қызылордада ер адам балалардың көзінше итті атып тастады
Қызылордада ер адам көршісінің итін балаларының көзінше атып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жануардың иесі оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда көліктің үйге қалай жеткені, оның ішінен қара киім киген адам шығып, қақпаға қарай жүріп, әлденеге қарағанын көруге болады. Содан кейін ол көлікке оралып, аңшы мылтығын алып, кетпес бұрын қақпадан екі рет оқ атқан.
Иттің иесі мұның бәрі оның балалары мен қарт әке-шешесінің көз алдында болғанын айтты. Қызылорда тұрғыны көршісінің қарумен жеке аумаққа басып кіріп, отбасы мүшелерінің өміріне қауіп төндіргеніне ашуланып отыр.
"Өкінішке қарай, полицияның жедел тобы бұл жерге екі сағаттан кейін ғана жетіп, қылмыс құрамы жоқ екенін айтты. Криминалистер өз өкілетін орындамай, құқықбұзушылықты тіркеп алмады. Арызды қабылдауды сұраған кезде, қызметкерлер біздің конституциялық құқығымызды жоққа шығарып, қылмыстық құқықбұзушылықтың анық болғанына қарамастан, бізді моральдық тұрғыдан қорлап, мазақ етті", - деді ит иесі.
Қызылорда полиция басқармасы бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп, оқ атқан азаматтың жазаланғанын хабарлады.
"Азаматтық қаруды заңсыз қолдану және оның айналымы ережелерін бұзу фактісі бойынша 36 жастағы қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру арқылы айыппұл салынды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады Қызылорда полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Ит иесінің айтуынша, жануарға мұндай қатыгездікке бұған дейін көршілер арасында болған оқиға себеп болуы мүмкін.
Ит иесі жіберген фото
"Есікті ашқан кезде абайсызда менің итім кездейсоқ ауладан жүгіріп шығып, жақын маңда келе жатқан ұлының велосипедіне секірді. Итті тез арада үйге алып кірдік. Мұны көрген досым баланың жағдайы жақсы ма, жоқ па - тексеріп, бәрі жақсы екеніне көз жеткізді", - деді ит иесі.
Сондай-ақ ол оқтың салдарынан итінің өлгенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында белгісіз біреулер көктемде су тасқыны кезінде құм толы қаптармен бөгет тұрғызуға көмектескен Пшөн есімді итті атып кеткенін жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан