- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Емханадағы заңсыздық
Қызылордада емхана анықтама құнын негізсіз қымбаттатқан
Қызылордада емхана анықтама құнын негізсіз қымбаттатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Қызылорда қаласының прокуратурасы дәрігерлік анықтама үшін қызмет құнының негізсіз қымбаттатылғанын анықтады.
Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі комиссияның құрамына учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы дәрігерлік практика дәрігері, психиатр, офтальмолог және отоларинголог енгізіледі.
Алайда Қызылорда қалалық орталық емханасында №073/е анықтамасының (жүргізуші куәлігі үшін қажетті) қызмет құнына терапия, офтальмолог, отоларинголог медбикелерінің ақысы негізсіз қосылған.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін анықтама үшін қызметтің құны 5700 теңгеден 3500 теңгеге дейін төмендетіліп, шектелмеген тұлғалардың құқықтары қорғалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек