Қызылордада екі кішкентай бала мен ана өлімнен аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қызылорда облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.
12 қаңтарда сағат 21:40 Қызылордадағы Тасбөгет кентіндегі Наурыз көшесі N20 мекенжайда екіқабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шыққаны туралы 112 құтқару қызметіне хабарлама түсті.
Хабарлама бойынша шақырту орнына жедел жетіп, барлау жұмысы барысында екіқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің ауданы 12 шаршы метр - асхана бөлмесінде тұрмыстық заттар өртеніп, соның салдарынан подъезді толығымен түтін басқаны анықталды. Өртсөндірушілер түтін ішінен 2021 жылы туған және 2023 жылы туған сәбилерді анасымен бірге құтқарып, медициналық жедел-жәрдем бригадасына тапсырды.
Өрт сағат 21:58-де толығымен сөндірілді.
Өрттің болжамды себебі - электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өрт салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру жұмысына N4 өрт сөндіру бөлімінен, өрт сөндіру кезекші қызметінен, арнайы қызметтерден мамандар (8 техникасымен 23 қызметкер) жұмылдырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!