Қызылордада екі жастағы сәби үрлемелі бассейнге батып кетті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, оқиға жұма, 22 шілдеде сағат 19.25 шамасында болған. Облыс орталығында орналасқан Рүстембеков көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып қойған 2020 жылы туған сәби үрлемелі бассейнге батып кеткен.
"Облыс тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау лазым. Балаларға барынша сақ болыңыздар", - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қызылордада бала бассейнге батып кете жаздаған еді. 10 жастағы бала "Арай" аквапаркінде бассейнге суға түспек болған. Мекеме құтқарушылары баланы дер кезінде судан шығарып үлгерген.