Қызылордада облыс әкімін тағайындау бойынша депутаттар жиыны өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тиісті хабарландыру Қызылорда облыстық мәслихаты аппаратының сайтында жарияланды. Жиын ертең, 8 мамырда өтеді.
"Президенттің № 912 Жарлығына сәйкес, өңір әкімін тағайындауға келісім беру үшін Қызылорда облысы мәслихаттары депутаттарының жиыны 8 мамыр күні сағат 09:00-де Қызылорда қаласында өтеді", - делінген хабарландыруда.
Депутаттарды тіркеу таңғы сағат 8-де басталатыны нақтыланды.
Бұған дейін 2022 жылғы сәуірден 2024 жылғы мамырдың басына дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін Нұрлыбек Нәлібаев атқарды. Кеше ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Еске салайық, 5 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымынан босатылған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!