Қызылордада депутаттар облыс әкімін тағайындау үшін жиналмақ

Қызылордада депутаттар облыс әкімін тағайындау үшін жиналмақ
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қызылордада облыс әкімін тағайындау бойынша депутаттар жиыны өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тиісті хабарландыру Қызылорда облыстық мәслихаты аппаратының сайтында жарияланды. Жиын ертең, 8 мамырда өтеді.

"Президенттің № 912 Жарлығына сәйкес, өңір әкімін тағайындауға келісім беру үшін Қызылорда облысы мәслихаттары депутаттарының жиыны 8 мамыр күні сағат 09:00-де Қызылорда қаласында өтеді", - делінген хабарландыруда.

Анықтама: Президенттің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 "Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру ережелерін бекіту туралы" Жарлығы.

Депутаттарды тіркеу таңғы сағат 8-де басталатыны нақтыланды.

Бұған дейін 2022 жылғы сәуірден 2024 жылғы мамырдың басына дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін Нұрлыбек Нәлібаев атқарды. Кеше ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Еске салайық, 5 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымынан босатылған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget