Қызылорда облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды әлеуметтік желіде қауымдастық ашып, жариялаған деструктив діни ағымды ұстанатын 62 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қызылорда мамандандырылған сотының 2024 жылғы 18 қаңтардағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!