Қызылордада далада шыққан өрт сөндірілді

Қызылордадағы Президент саябағына қарама-қарсы орналасқан Шіркейлі каналының шетіндегі өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сағат 17:25-те ауыздықталып, сағат 18:10-да толығымен сөндірілген.

Өртті сөндіруге екпіні күшті жел мен қолайсыз ауа райы кедергі келтірген.

Қызылорда облысының өрт сөндіру қызметінің, Апаттар медициналық орталығының, Жергілікті полиция қызметі басқармасының, "ҚазТрансГазАймақтың", жергілікті атқарушы органның барлығы 76 қызметкері 17 техникасымен жұмылдырылған. 

Еске салайық, бұған деййін Қызылордадағы Шіркейлі каналының жиегінде шамамен ауданы 5 гектар қураған шөп, шеңгел, жыңғыл жанғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!