- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада бұрынғы мемлекеттік...
Қызылордада бұрынғы мемлекеттік қызметші сабын шығарып жүр
Кызылорда облысының Қазалы ауданында жас кәсіпкер сабын, сусабын мен ыдыс жуатын сұйықтық шығарып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Руслан Бөлекбаев бұрын мемлекеттік қызметте болған. Жұмысы көп, айлығы аз болғасын жеке кәсіпке бет бұруға тура келіпті. Кабинетте жіпсіз байланып отырудан да жалыққан.
Құрамында химиялық қоспа жоқ сабынды былтыр шығара бастады. Бүгінде оны жергілікті халықтан бөлек, Ақтөбе, Атырау қалаларының халқы тұтынып отыр. Бағасы - салмағына қарай 120-205 теңге аралығында.
"Енді "Qazaly" брендімен сусабын, ыдыс жуатын сұйықтық шығаруға кірістік. Әзірге сынақтан өткізіп жатырмыз. Клиенттердің пікірі біз үшін маңызды", - деді Руслан.
Өндіріс аясы кеңейген цехта 3 адам еңбек етіп жүр. Шикізатты Орал, Ақтау, Қарағанды, Тараздан алдырады.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы