- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада бірнеше үйді...
Қызылордада бірнеше үйді тонаған ұры қылмыс үстінде ұсталды
Қызылордада пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұры бірнеше үйді тонаған. Жедел уәкілдер бұрын сотты болған 30 жастағы тұрғынды облыс орталығының аумағында кезекті ұрлық үстінде ұстады. Тергеу барысында аталған күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап келгені анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 6 млн теңгені құрады. Бүгінде күдіктінің қала аумағында 8 пәтер ұрлығын жасағандығы анықталып, өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
– Құрметті облыс тұрғындары! Пәтер ұрлықтарының алдын алу мақсатында үйлеріңізге темір есіктер, терезеге темір торлар және дабыл құрылғылары мен бейнебақылау жүйелерін орнатуға кеңес береміз, – дейді полиция қызметкерлері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина