"Қызылордада бәрі осылай сөйлейді". Ерекше сұлу бойжеткен желіде дау тудырды

Қызылорда қаласының тумасы сырт келбетімен көпшілікті таңғалдырып жүретін қазақ аруы TikTok сегментінде дау тудырды, - деп хабарлайды Tengri Life.

22 жастағы Айсана Алтынбекова жақында Алматыға көшіп келген. Бір жылдан бері өзінің TikTok парақшасын жүргізіп келеді. Бойжеткеннің профиліне он мыңдаған адам жазылып, оның видеолары ы миллиондаған қаралым жинап жатыр.

Өйткені, бойжеткен парақшасын таза ұлттық тілде жүргізеді, дегенмен Айсанаға сырт түріне қарап "славян ұлтының өкілісің ба?" деп айтатындар көп.

@ais_altynbekova #қазақстан ♬ оригинальный звук - aispenbirge

"Қызылордада орыс та, қазақ та, кәріс те қазақша сөйлейді, дүкенге кіріп орысша сәлем берсеңіз, "Сәлемсіз бе?" деп қазақша жауап береді", - дейді ол парақшасында.

Видеолардың астындағы пікірлердің көпшілігі, қыздың сырт келбетіне таң қалғандарын жазған.

"Қандай тамаша, анық сөйлейсің», "Нағыз қазақтың үлгілы қызы", "Маған тұрмысқа шық", "Мен сенің қазақ екеніне сенбеймін", "Украин немесе орыс емесің бе? - деп жазады интернет қолданушылары.

Tengri Life редакциясы Айсана таза қазақ екенін хабарласып, анықтаған.

"Иә, мен де сондаймын" сары қызбын. Мен Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс істеймін, қамқоршыларым мені қатты жақсы көреді, Эльза ханшайыммен салыстырады", - деген редакцияға Қызылорда қаласының тумасы.

@ais_altynbekova #қазақстан ♬ The Way I Skaski TyRo Mashup - TyRo

Айтпақшы, бейнебаяндардың бірінде Айсана Алтынбекова тыңдармандарын ата-анасымен таныстырған.