Қызылордада балабақша жүргізушісі баланы қағып кетті

Қызылордадағы жекеменшік балабақшалардың бірінің жүргізушісі баланы қағып кетті. Қайғылы жағдай туралы министрлік өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Қызылордада жекеменшік балабақшалардың бірінің жүргізушісі тәрбиешімен бірге мекемеге жеті бала алып келген. Балаларды балабақшаға әкелген тәрбиеші бір баланың көшеде қалай қалып қалғанын байқамай қалған. Жүргізуші де назар аудармаған. Ол көшеде қалып кеткен баланы қағып кеткен. Салдарынан бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді министрлік өкілі.

Министрлік өкілінің мәліметінше, келіп түскен арыз-шағым бойынша тексеру қорытындысы бойынша балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру дерегі бойынша 5 әкімшілік іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты 15 әкімшілік іс қозғады.