Қызылордада төбесіне құрылыс сатысының бөлшегі құлаған әйел қаза болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, 2 қарашада сағат 14.40 шамасында 102 арнасына Қызылорда облыстық Полиция департаментіне қарасты емханада құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында азаматшаның басына құрылыс сатысының темір бөлшегі құлап, салдарынан әйел оқиға орнында қаза болғаны туралы хабар түскен.
"Бүгінде бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігімен (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды", - деп атап өтті Қызылорда қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің орынбасары Әуелхан Құдайберген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!