Бүгін Қызылордадағы З.Шүкіров көшесінде орналасқан ағаш өңдеу цехында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аумақта құрылыс ағаштары өртеніп, от цехтың шатыры мен жанындағы ғимаратқа тараған.
Өрт аумағы 950 шаршы метр болған.
"Өртсөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынның ары қарай таралуына жол бермеді. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек