Қызылордада 74 жастағы қария із-түзсіз жоғалып кеткен

Қызылордада 74 жастағы қария із-түзсіз жоғалып кеткен
Фото: Қызылорда полиция басқармасы

Қызылордада 74 жастағы қария екі күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылордада тұратын 74 жастағы Ибрагим Райымбеков 2 қаңтарда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

"Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері бойы - 1,70 сантиметр, арық денелі, шашы ақ түсті, көзі қара түсті. Басында қара түсті қалпақ, қара көк түсті күртеше, ақшыл көк түсті шалбар, аяғында қара түсті етігі болған. Бұл хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз", – деді Қызылорда полиция басқармасы өкілдері. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек