- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада 7 жасар...
Қызылордада 7 жасар баланың аяғына айыр кіріп кеткен
Фото:
ТЖМ
Қызылордада 7 жасар баланың аяғына айыр кіріп кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылар айырмен аяғына зақым келтірген балаға көмектесті.
Оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында болған. 2017 жылы туған ұл баланың аяғына айырдың тісі кіріп кеткен.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
ТЖМ күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина