- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада 61 жастағы...
Қызылордада 61 жастағы әйел аурухана балконынан құлап, мерт болды
Фото:
pixabay.com/көрнекі сурет
Қызылордада әйел аурухананың балконынан құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Кызылординские вести" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Қызылордада көпсалалы облыстық аурухананың 61 жастағы науқасы төртінші қабаттың балконынан құлап, мерт болған.
Ол 6 тамызда белгісіз жағдайда балконнан құлап кеткені хабарланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның себебін анықтап жатқанын атап өтті.
Қызылорда Полиция департаменті әйелдің өлімін растады. Полицейлер "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан