Қызылордада 851 гектар жер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда қаласы прокуратурасы ұзақ жыл бойы игерілмеген, құны 55 миллион теңге болатын 851 гектар жер учаскесін (оның ішінде кәсіпкерлік мақсаттағы, 50 миллион теңгенің 9 гектар жері, жайылымдық мақсаттағы, 5 миллион теңгенің 842 гектар жері) мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жер пайдаланушыларға берілген нұсқама талаптарын орындамаған 16 тұлғаға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодектің 462-бабы 3-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды.
Сонымен қатар, ұзақ жыл бойы пайдаланылмаған, кадастрлық құны 163,4 миллион теңгенің 7069 гектар болатын 158 жер учаскесі (оның ішінде кәсіпкерлік мақсаттағы, 13,4 миллион теңгенің 6712 гектар жері, жайылымдық мақсаттағы, 150 миллион теңгенің 357 гектар жері) анықталды.
"Бүгінде уәкілетті орган осы жер учаскелеріне қатысты нұсқау беріп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр", - деп жазылған өңір прокуратурасы хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!