Қызылордада 42 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікті ұсталды

Қызылордада 42 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікті ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Қызылордада 42 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікті ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

​24 сәуір күні полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. 

Хабарлама бойынша, полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысты жасады деген күдікті азамат оқиға орнынан бой тасалаған. 

Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан