Қызылордада 32 жастағы әйел 11 күннен бері табылмай жатыр

Қызылордада 32 жастағы әйел 11 күннен бері табылмай жатыр
Фото: Қызылорда полиция басқармасы

Қызылордада 32 жастағы әйел 11 күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылордада тұратын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған.

"Осыған байланысты Қызылорда полиция басқармасы іздеу салады. Бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті.

Қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз", - делінген Қызылорда полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан