Қызылордада 17 жастағы қыз қаладағы аспалы көпірлердің бірінен секіріп, оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, оқиға түнгі он шамасында болған.
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Қызылорда облыстық полиция басқармасы тергеу бөлімі басшысының орынбасары Әуелхан Құдайберген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!