Қызылордада 1 жасар сәби әжетханада қамалып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Бүгін Қызылордада Мерей шағын ауданында, пәтерде әжетхананың есігі ішінен құлыпталып қалып, ішінде 1 жасар бала қалып қойғаны туралы шақырту түсті.
Құтқарушылар оқиға орнына дереу барып, слесарлық құралдармен есікті ашып берді. Сәби аман-есен. Баланың анасы құтқарушыларға алғыс білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!