- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда тұрғыны қарасораны...
Қызылорда тұрғыны қарасораны ауласындағы жылыжайда өсірген
Қызылорда тұрғыны есірткі затын сақтап, өсірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылорда облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп 27 наурызда аса ірі көлемде есірткі затын сақтаған және өсірген 54 жастағы күдіктіні анықтады.
Үй иесінің ауласын тінту кезінде қарасора бұталары арнайы өсірілген жылыжай табылды.
Арнайы ыдыстарда өсірілген 37 түп сора өсімдігі және 1,5 келіден аса кептірілген марихуана тәркіленді.
Бұл дерек екі бап бойынша: ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі және 300-бабының 2-бөлігімен тергеліп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан