Қызылордалық полицейлер ауыл тұрғынынан бір келіден аса есірткі заты мен тіркелмеген қару анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі жоспарлы рейд кезінде табылды. Полиция қызметкерлері Сырдария ауданы Шіркелі ауылының 44 жастағы тұрғынының үйін тексеру барысында екі шелекке салынған ерекше иісі бар шөп және ішкі істер органдарында тіркелмеген бір қару анықтады.
Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 232 грамм "кептірілген марихуана" белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!