Қызылорда облысының тұрғынынан 267 түп сора тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады.
Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан биіктігі 1,5-2 метр болатын 267 түп сора өсімдігі тәркіленді.
Тәркіленген сораның жалпы салмағы – 248 келі 740 грамм. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика көлемінде "Қарасора – 2024" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!