Қызылорда облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз аулаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам Қызылорда облысы полиция департаментінің және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторлары мен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталды.
Ол Қызыл кітапқа енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!