- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысының тұрғыны...
Қызылорда облысының тұрғыны қамауда отырған танысына жаңғақ ішіне есірткі жасырып өткізбек болды
Фото:
polisia.kz
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде қамауда отырған азаматқа жақын танысы сәлем-сауқат әкелген. Мекеме қызметкерлері сәлем-сауқатын тексеру барысында жаңғақ ішінен өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті затты анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дереу "102" нөміріне хабарланып, мекемеге жедел тергеу тобы шақыртылды. Анықталған затқа сот химиялық сараптамасы тағайындалып, сараптама қорытындысымен 8,56 грамм келтірілген марихуана екені расталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 -бабының 2- тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан