Қызылорда облысының тұрғыны әйелін қызғанып, қасақана өлтірген

Қызылорда облысының тұрғыны әйелін қызғанып, қасақана өлтірген
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қасақана кісі өлтірген тұрғынға қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сотталушы қызғаныштың кесірінен шыққан жанжал кезінде ағаш орындықтың аяғымен әйелінің басынан және денесінің әр жерінен бірнеше рет соққы жасап, денсаулығына ауыр жарақаттар келтірген. Әйел қайтыс болды.

"Сот үкімімен сотталушы Ж. ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігінің талабы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ішінара қосу арқылы түпкiлiктi 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді", - деп хабарлады Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан