Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөліміне Темірбек Жүргенов ауылының тұрғынынан арыз түсті. Онда мал қорада тұрған мың бума жоңышқа шөбін бейтаныс біреудің өртеп жібергені туралы айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қыс мезгіліне алдын ала дайындалған ауыл тұрғынына келтірілген шығын көлемі шамамен – 1 миллион теңге. Аудандық тәртіп сақшылары мұны істеді деген күдікпен сол ауылдың 29 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз