Қызылорда облысының шенеуніктері қандай көлік мініп жүр?

Қызылорда облысының шенеуніктері қандай көлік мініп жүр?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қызылорда облысы әкімінің аппаратының мәліметіне сүйенсек, қазір баланста 69 көлік бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап. 

Олардың ішінде: Mercedes-Benz (S-class, E-class), Lexus (LX), Toyota (Land Cruiser, Camry, Corolla, Hiace), Hyundai (H1, Tucson, Elantra, Santa Fe, County), Kia (Carnival, K8, Cadenza, Sorento, Sportage, Optima), Chevrolet (Captiva), Газель (Next).

Сондай-ақ әкімдік қызметкерлерді тасымалдау үшін көліктер жалға берілмейтінін айтты.

"Көліктер тозғанына қарай жаңартылады", - делінген әкімдікте.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысының шенеуніктері қандай көлік мініп жүргені айтылған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек