Қызылорда облысының әкімі лауазымына кімдер үміткер болғаны айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 мамырда премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының жиынына қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысының Қызылорда облысының әкімі лауазымына екі үміткерді, яғни Ардақ Зебешев (Қызылорда облысы әкімінің орынбасары - еск.) пен Мұрат Ергешбаевты ұсыну туралы хаты оқылды.
"Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша депутаттардың 81 пайызы Мұрат Ергешбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Ардақ Зебешевке депутаттардың 19 пайызы дауыс берді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бүгін Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз