Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілдері мұнай компаниясы қызметкерлерінің өлімінің себебі алдын ала мәлімет бойынша белгісіз заттан улану болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қызылорда облысында 3 ақпанда "Қазспекторстрой" ЖШС мердігерлік компаниясының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша тіркелді", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, олар белгісіз заттан уланып қайтыс болды", - деді ведомство өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!