Қызылорда облысында екі ауылдың 20, 30 жыл бұрынғы түлектері ерекше тарту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екі ауыл да Қазалы ауданында. Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Кәукей елді мекенінің енді өз "Бәйтерегі" бар. Оны 1993 жылы №225 орта мектепті бітіргендер салып берді. Ұзындығы 10 метрге жуық. Айналасына жарық шамдары орнатылған.
"30 жылдық кездесуден естелік болсын дедік. Игі іске түлектер бір кісідей үлес қосты. Монументті салуда Қали Құрманәлиев, Бауыржан Шүкірәлиев Ержан Әлімжановтармен бірге ақылдасып,
дәнекерлеуші Болатбек Айғабыловқа сеніп тапсырдық. Ол шеберлігін көрсетті", - деді түлектердің бірі Ғабит Баймаханов.
Үлгілі бастаманы Ү.Түктібаев ауылында орналасқан Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектептің 20 жыл бұрынғы түлектері де жалғап әкетті. Олар балаларға арнап ойын алаңын сыйға тартты.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!