- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысындағы әйелдің...
Қызылорда облысындағы әйелдің жантүршігерлік өлімі: бұрынғы күйеуі 12 жылға сотталды
Қызылордалық 27 жастағы марқұм Ажар Шәдиеваның бұрынғы күйеуі қатаң режимдегі мекемеде 12 жыл жазасын өтейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен адвокат Саида Сүлейменова, жәбірленушінің мүддесін қорғап, осы бап санкциясының ең жоғары мерзімі - қатаң режимде өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрадық", - деді зардап шеккен тараптың өкілі.
Қызылорда судьясы Ажар Шәдиеваның 29 жастағы күйеуіне жалпы режимдегі мекемеде 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Сонымен қатар сот шешімімен Ажар Шәдиеваның үш баласы марқұмның анасының қамқорлығына өтеді.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 2022 жылғы 3 тамызда Қызылордада болған. Полицейлер күдіктіні, марқұмның 29 жастағы күйеуін ұстады.
Ер адам досының үйінде жасырынып жүргенде ұсталып, изоляторға қамалды.
Ерлі-зайыпты 2015 жылы үйленген, үш баласы туған. Әйелдің туыстары күйеуінің оны бірнеше рет ұрып-соққанын айтқан. Туыстарының сөзінше, Ажар Шәдиева балалары үшін күйеуін үнемі кешіріп келген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан