Қызылорда облысындағы аядай ауданда балабақша есепшісі 21 млн теңгені қалтаға басты деген күдікке ілінді

Қызылорда облысындағы аядай ауданда балабақша есепшісі 21 млн теңгені қалтаға басты деген күдікке ілінді
Фото: depositphotos.com

Қызылорда облысында балабақшада 21,5 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Қазалы ауданында балабақша есепшісі өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 21,5 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде балабақша есепшісі 4 жыл ішінде өзінің банк шоттарына штаттық кесте бойынша бекітілген жалақыдан жоғары мөлшерде қосымша қаражатты негізсіз аударғаны анықталған.

Тергеу басталды

Бұл дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы ("Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастаған.

Қылмыстық іс тергеп-тексеру үшін Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget