- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаппай төбелес
Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды
Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоның жазбасында төбелестің 5 қаңтарда Арал ауданы Жақсықылыш ауылында болғаны айтылған.
Кадрларда ауыл көшелерінің бірінде топ-топ жастардың жүріп бара жатқанын көруге болады.
Айқай мен полиция сиренасының дыбысы естіледі.
Полицияның мәліметінше, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Тергеу барысында полиция қызметкерлері жанжалға қатысқандардың жеке басын анықтап жатыр. Қылмыстық іс материалдары бойынша құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Арал аудандық көпсалалы орталық ауруханасында медициналық көмек сұрап ешкімнің хабарласпағанын айтты.
Арал аудандық әкімдігі төбелеске 2004-2007 жылы туған 15-20-ға жуық адам қатысқанын хабарлады.
"5 қаңтарда сағат шамамен 23:00-де Жақсықылыш ауылында жастар топ болып төбелесті. Құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында жанжал дереу тыйылды. Төбелескендердің ешқайсы ауыр дене жарақаттарын алмады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабына "Бұзақылық" сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесе түнгі рейдтер ұйымдастырып және қылмыстың алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр", - деп хабарлады әкімдік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан