- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысындағы ауруханаларда...
Қызылорда облысындағы ауруханаларда азық-түлікке негізсіз қаражат жұмсалған
ҚМА аумақтық басқармасы Қызылорда облысының 3 аудандық ауруханасында жүргізген тексеру нәтижесінде өнімсіз азық-түлік жеткізу тізбегінен делдалдар алып тасталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әлеуметтік мекемелер жоғары бағамен сатып алып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсаған.
Көтерме сатушылармен және өндірушілермен тікелей келісімшарттар жасалғаннан кейін ӘМАТ тізбесінің 11 атауы бойынша бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда, картоп, сәбіз, қырыққабат және қант арзандады.
6 миллион теңгеден аса қаражат бюджеттен үнемделді.
"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек