Қызылорда облысындағы 9-сынып оқушысының өлімі: күдікті қамауға алынды

Қызылорда облысындағы 9-сынып оқушысының өлімі: күдікті қамауға алынды

Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысының өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын жасады деп күдіктелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, полиция барлық материалдарды зерттеп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар басқа екі адамға қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оларға қатысты сот үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деді ведомство.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!