- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында заңсыз...
Қызылорда облысында заңсыз берілген субсидиялар қайтарылды
Фото:
Picsart
Қызылорда облысында заңсыз берілген субсидиялар қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда облысының прокуратурасы Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексерді.
Тексеріс нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру фактілері анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекетке 47 шаруашылық жүргізуші субъектіге негізсіз берілген 90 млн теңге субсидия кері қайтарылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина