Қызылорда облысында адам бопсалауға қатысы бар күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, күдіктілер өңір тұрғынын әлеуметтік желілерде жеке сипаттағы мәліметтерін жариялайтынын айтып қорқытқан. Күдіктілер деректерді жария етпеу үшін жәбірленушіден 7 миллион теңге бопсалаған.
"Осы дерек бойынша Қызылорда облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде тәуліктік кезекшілік кезінде күдікті ретінде 34, 32, 22 жастағы облыс тұрғындары ұсталды. Айғақ ретінде ақша, тапанша және жалған қызметтік куәлік алынды", - деп жазылған полиция мәліметінде.
Қазір бопсалау дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан деструктив дін өкілі ұсталғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!