Қызылорда облысында тұтас бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Қызылорда облысында тұтас бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Фото: автордан

Қызылорда облысында тұтас бір ауыл ішімдіктен бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жалағаш ауданының Еңбек ауылында 300-ден аса отбасы түтін түтетіп отыр.

"1 үлкен, 5 шағын дүкен бар. Арақ сатуға лицензия алғанымен ешқайсы ішімдік сатпайды. Иелері бар, халық бар, өзара келісіп, бірауыздан осылай ұйғарған", - деді ауыл әкімі Қайрулла Қалданов.

Жергілікті тұрғын, зейнеткер Фатима Тілеуова дүкен сөрелерінде ішімдік болмауы құптарлық қадам екенін айтты.

"Арақ-шараптың орнына қымыз, саумал, айран сатылады. Ауыл адамдарының, оның ішінде жастардың жат әдетке жақындығы жоқ. Қонақ келгенде де арақ іздеп сабылмаймыз", - деді Фатима апа.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының екі ауылында бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмегені, ауылдар ішімдіктен бас тартқаны хабарланған еді.

Назерке Саниязова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz