Қызылорда облысында полицей кісі қолынан қаза тапты: күдікті ұсталды

Қызылорда облысында полицей кісі қолынан қаза тапты: күдікті ұсталды
Фото: Видео кадры

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторының өліміне күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, ол Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шыққан.

"Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болған. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qyzylorda PD (@kzo_pd)

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында полицей кісі қолынан қаза тапқаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget