Қызылорда облысында өткен көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кеткен

Қызылорда облысында өткен көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кеткен
Фото: Видео кадры

Желіде Қызылорда облысында өткен көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кеткені көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жайт 1 қарашада Шиелі ауданы Алғабас ауылында кент тұрғыны ұйымдастырған көкпар ойыны кезінде болған.

"Ойын барысында 102 арнасына ешқандай хабарлама түспеген. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", - деді Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары Ермахан Абдраманов.

Полицияның мәліметінше, соталды тергеп-тексеру аясында оқиғаға қатысы барлардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сонымен қатар, іс-шара ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget