Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі жүргізушісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 3 ақпанда "Арысқұм" кен орнында болған. Қайтыс болған екі адам да қосалқы мердігер жүргізуші болып жұмыс істеген.
"3 ақпанда сағат 11:38 шамасында "Саутс Ойл" ЖШС қызметкерлері қайтыс болды", - делінген ведомство хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, біреуі демалыс бөлмесінде, екіншісі көлікте қайтыс болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!