Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Фото: Tengrinews.kz

Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі жүргізушісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 3 ақпанда "Арысқұм" кен орнында болған. Қайтыс болған екі адам да қосалқы мердігер жүргізуші болып жұмыс істеген. 

"3 ақпанда сағат 11:38 шамасында "Саутс Ойл" ЖШС қызметкерлері қайтыс болды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Ведомство мәліметінше, біреуі демалыс бөлмесінде, екіншісі көлікте қайтыс болған.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина