- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында мектептерден...
Қызылорда облысында мектептерден 543 миллион теңге жымқырғандар ұсталды
Қызылорда облысында мектептерден 543 миллион теңге жымқырғандар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Антикор Қызылорда облысындағы мектептерде лауазымды тұлғалардың жалған ақпарат беріп, бюджет қаражатын басқа адамдарға аударғаны туралы 15 іс қозғады. Тергеу нәтижесінде қазынаға 100 миллион теңге қайтарылды. Қаржы жымқыруға қатысы бар білім басқармасының екі қызметкері ұсталып, үш мектеп директоры мен бес есепші жұмыстан босатылды.
"Білім беру ұйымдарында тиісті бизнес-процестер автоматтандырылмаған. Яғни, "1С бухгалтерия" және "Қазынашылық-Клиент" бағдарламаларының кемшіліктерін пайдаланып, аса ірі көлемде бюджет қаржысы жымқырылған. Қаржы операциялары қағаз жүзінде жүргізіліп, бюджет қаражаты негізсіз артық көрсетілген", - деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова