Қызылорда облысында қыз каналдан өлі табылған: күдікті ұсталды

Қызылорда облысында қыздың өліміне күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаментінің редакцияға берген жауабына сүйенсек, ол Шиелі ауданының тұрғыны болып шыққан.

"3 маусымда Шиелі ауданының тұрғыны полицияға канал шлюзінен қыз баланың сүйегі табылғанын хабарлаған. Бұл оқиғаға қатысты адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді өңір полициясы.

Туыстарының айтуынша, қыз 2 маусымда кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, оралмаған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа дерек жария етілмеді.

Тергеу барысы Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені айтылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз