- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында көктайғаққа...
Қызылорда облысында көктайғаққа байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Қызылорда облысында қөктайғаққа байланысты оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 ақпан, жұма күні Қызылорда облысында мектеп оқушылары онлайн оқитын болды.
"Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандары бойынша қолайсыз ауа райына байланысты 2023 жылғы 3 ақпанда, яғни ертең 0-11-сынып оқушылары қашықтан оқиды", - делінген облыстық білім басқармасы таратқан хабарламада.
Облыстық интернаттарда сабақ процесі бұрынғы режимде жүргізіледі.
"Жеке мектептерде оқыту форматы мектеп құрылтайшыларының шешіміне сәйкес жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, 3 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, тұман түседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан